Ақтөбеде жастар арасында екі күндік туристік слет өтті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастары арасында екі күндік туристік слет өтті.

Ақтөбеде жастар арасында екі күндік туристік слет өтті
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Туристік слетке қала жастары арасынан 9 команда қатысып, екі күн бойы түрлі спорттық, зияткерлік және командалық сайыстарда өзара бақ сынасты. Жастар үшін бұл — белсенділік, достық, ұйымшылдық пен жаңа тәжірибеге толы ерекше күн болды.

а
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Жарыс нәтижесі былай болды:

I орын — «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы;

II орын — «Қазхром» командасы;

III орын — «Жүректен жүрекке 2» командасы.

а
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Мәди Жайлыбайұлы қатысып, жастарды мерекемен құттықтады. Олар диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Барлық командаларға алғыс хаттар табысталды.

Екі күнге созылған шара барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, түрлі тапсырмаларды бірлесіп орындады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып, жаңа тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бұл маңызды мереке жас буынның қоғамдағы маңызын көрсету, олардың құқықтары мен бастамаларын қолдау мақсатында БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) шешімімен 1999 жылы бекітілген.