Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Шалқар қаласында жастар төбелесіп, 17 жастағы бозбала көз жұмды.

төбелес
Фото:freepik.com

Оқиға түнде болған. Күдіктілер ұсталды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

— Жанжал ішінде болған барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауға алынды. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түссіз денені белгісіз адамдар ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.

Айта кетейік, Шымкентте жаппай төбелес болып, үш адам қамауға алынды. Әлеуметтік желілерде бір топ жастың жол үстінде жанжал шығарып, төбелес ұйымдастырғаны бейнеленген видео тарады.