Ақтөбеде жол-көлік оқиғасының салдарынан бір бала опат болды
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік оқиғасының салдарынан 8 жасар бала опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, сәуірдің 7-сі күні қаладағы Нариман көшесінде «ГАЗ-53» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен бала алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Кеше сондай-ақ Ақтөбеде тағы бір көлік оқиғасының салдарынан бір бала зардап шекті. Түстен кейін қала көшелерінің бірінде «ВАЗ-2107» көлігі өртеніп, оқиға кезінде көлік салонында болған 3 жасар бала күйік жарақатымен ауруханаға түседі. Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілген.