Ақтөбеде жол-көлік апаты кезінде ауруханаға түскен тағы бір жолаушы көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Екі көлік соқтығысқанда бес адам оқиға орнында, ал біреуі ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер ота жасағанымен, аман алып қалу мүмкін болмады.

аурухана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Кеше Ақтөбе-Атырау тасжолындағы жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мен төрт жолаушы көз жұмды. Бір жолаушы Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді.

— Ақтөбе қаласынан травматолог, нейрохирург дәрігерлері барып, ауданда ота жасады. Алайда жол апаты кезіндегі жарақаты ауыр болып, 32 жастағы науқас көз жұмды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, республикалық тасжолда «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан. Полиция әзірге қай көліктің жол ережесін бұзғанын хабарламады.