Ақтөбеде жол жөндеушілер сирек кездесетін ағаштарды кесіп тастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы ағаштарды заңсыз кескендерді анықтады. Құрылысшылар келтірген шығын 700 мың теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы кезінде экологиялық заңнаманы бұзу және қоршаған ортаға зиян келтірудің 1 мыңнан астам фактісі анықталған.

«Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен олардың бөліктерін заңсыз пайдалану фактісі тіркелді. Кіші Қобда өзенінің жанында тасжол төсеп жатқан серіктестік сирек кездесетін ағашты кесіп тастады. 43 түп жабысқақ қандыағаш жойылған. Шығын 716 мың теңгені құрады, күдікті ұсталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жедел алдын алу шарасына 70-тен астам адам, оның ішінде 56 полиция қызметкері, ТЖД 15 қызметкері және Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясынан 3 инспектор жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар