Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбедегі дауыл: Байғанинде білім беру нысандарын жөндеу басталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - №2 және №3 Қарауылкелді орта мектептерінің шатырлары қайта жабылады. Бұл жұмыс апта соңына қарай аяқталады.

ы
Фото: Видеодан алынған скрин

Байғанин ауданы орталығы Қарауылкелді ауылында қатты дауыл мен нөсер жаңбырдан кейінгі қалпына келтіру жұмысы басталды. Соның ішінде білім беру нысандарын жөндеу үшін құрылыс материалы тасымалданды.

- №2 және №3 Қарауылкелді орта мектептерінің шатырлары қайта жабылуда. Бүгінде шатырдың ағаш қаңқасы құрастырылып, антисептикалық құраммен өңделуде. Мердігер мекеме – «STORY Master Elite Group» ЖШС. Жоспар бойынша апта соңына дейін аталған екі мектептің шатырын толық қалпына келтіру көзделген. 20 құрылысшы жұмылдырылған. Қалған зардап шеккен білім беру нысандары бекітілген кезектілікке сәйкес жөнделеді,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қатты дауыл кезінде Қарауылкелді ауылында 254 тұрғын үй, 14 әлеуметтік нысан, 24 кәсіпкерлік субъектісі және 6 әкімшілік ғимарат зақымданды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылғы 10 шілдеде қатты дауыл салдарынан байланыс мұнарасы дүкенге құлады.