Ақтөбелік аяқдопшылар Капар қаласынан келген құрдастарынан емтихан алады

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» футбол клубы Арменияның Капан қаласынан келген «Гандзасар» аяқдопшыларымен Еуропа лигасының дәрежелік раундындағы қарымта кездесуін өткізеді.
None
None

Бұған дейін сырт алаңда өткен алғашқы кездесуде Владимир Никитенко тізгінін ұстаған қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, елге жеңіске оралған болатын. Қазіргі таңда ел чемпионатында 18-ші турдан кейін 48 ұпаймен көш бастап келе жатқан «Ақтөбе» Еуропа лигасында бұған дейінгі маусымдарында сәтті ойын өрнегімен көзге түскен болатын.

Капандықтардың «Қазыналы тау» деген мағынаны білдіретін бұл командасының негізі 1963 жылы қаланған болатын. Өз тарихында олар 2 рет (1989, 1991) ел чемпионы, 2 рет (2008, 2011) қола жүлдегер және 1 рет (1963) ел кубогының иегері атанды. Севада Арзуманян баптайтын «Гандзасар» Еуропа лигасында бұған дейін 2009, 2012 жылдары өнер көрсеткен болатын. Алғашқы жылы 2-ші дәрежелік раундта «НАК Бреда» командасынан 0:6, 0:2 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Былтыр 1-ші раундта «ЭБ/Стреймур» командасына алғашқы ойында 1:3 болып ұтылып, қарымта кездесуде 2:0 есебімен басым түскен еді.

Соңғы жаңалықтар