Ақтөбелік футболшылар Тәжікстанның "Бахш" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәскеуде өтіп жатқан "ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогы" турнирінде кеше Владимир Мұханов жаттықтыратын ақтөбелік футболшылар Тәжікстанның "Бахш" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді,

Ақтөбелік футболшылар Тәжікстанның "Бахш" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарсыластары қақпасына соғылған қос доптың да авторы Еміл Кенжесариев. Оның екеуі де алғашқы таймда (39, 47 миунттарда) енгізілді. Аслидин Хабибуллоев жаттықтыратын тәжік аяқ допшылары қарымта қайтара алмады. "Достастық кубогында" ақтөбеліктерге Қорған төбенің "Вахш" командасы 2006 жылы 1:0 есебімен жеңілген болатын. Турсунзаденің "Регар-Тадаз" командасы да 2007 жылы 0:0 боп тарасқанмен, 2008 жылы 5:0 есебімен ойсырай ұтылды. Ал тәжік аяқ допшыларынан бұған дейін Душанбенің "Динамосы" 1997 жылы "Тараздан" 3:2 есебімен ұтылып, Душанбенің "Варзоб" деп аталатын келесі бір командасы 1999 жыл Семейдің "Елімайымен" (1:1), 2000 жылы Павлодардың "Ертісімен" (2:2) тең түскен болатын.

Өткен жылғы турнирде күміс жүлдегер атанған В. Мұхановтың шәкірттері биыл қаңтардың 16-сы күні Финляндияның "ХИК" клубымен өткен алғашқы ойында 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын. Кеше "ХИК" Әзірбайжанның "Бакы" командасымен 0:0 есебімен тарасты. Ертең "Ақтөбе" мен "Бакы", "ХИК" пен "Вахш" кездеседі. Бакылықтар да ақтөбелік құрдастары сияқты алғашқы ойында "Вахштан 2:0 есебімен басым түскен болатын.