Ақтөбелік саяхатшы өзі құрастырған күн көлігімен ел аралап жүр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік Владимир Силевич күннен қуат алатын көлік құрастырып, Қазақстан бойынша саяхатқа шыққан. Ол бүгін Қарағанды қаласында, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік саяхатшы өзі құрастырған күн көлігімен ел аралап жүр

Ақтөбелік Владимир Силевич мамандығы бойынша инженер-электроник. Техникаға бала кезінен әуес. Күн көлігін жасауға оны күн сәулесінен қуат алатын техникамен жарыс ұйымдастырушы блогер шабыттандырған. МАNТАNА деп атаған машинасын жасауға 2 ай және 2 миллион теңге қажет болды.


«Үш доңғалақты дизайн, алдыңғы екеуі бұрылыстарда тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Жақтауы профильді құбырлардан жасалған. Электр қозғалтқыш Қытайдан, күн панельдері Ресейден жеткізілген. Тізбекті жетек жетекші дөңгелегіне өтеді», - дейді дизайнер.


Маусым айында өткен күн көліктері жарысында ақтөбелік құрастырушы 2-орынды иеленді. Жарысқа Ресей мен Қазақстаннан 10 белсенді конструктор қатысқан. Бағыт 2 700 км болды. Старт Оралда берілді, үш аптадан кейін Алматыда мәресіне жетті. Орта есеппен қатысушылар күніне 150-200 км орташа жылдамдықпен 40-45 км/сағ жүріп өтті.


Владимир Силевич Ақтөбеге қайтып барады. Жол бойында әлеуметтік желідегі оқырмандарымен кездесіп, Қазақстанның көрікті жерлеріне соғуды жоспарлаған.

Айта кетсек, кездесу бүгін сағат 17:00-де Қарағанды қаласындағы Экомұражайда (Бұқар жырау даңғылы, 47) өтеді.