Ақтөбелік жас жігіт 50 шақты интернет-алаяқтық жасаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 жастағы азаматтың елорда аумағында жасалған 50 шақты интернет алаяқтық әрекетіне қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала аумағында интернет-алаяқтықтың төмендегені байқалады. Биыл 6 ай ішінде елордада 1 894 интернет арқылы жасалған алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл өткен жылдың аталған уақытымен салыстырғанда 11,7 пайызға төмен. Жыл басынан бері 60 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 25 алаяқтың көп эпизодты істерге қатысы бар екені анықталды. Талдау нәтижесінде белгілі болғандай ұсталған адамдардың орташа жасы 25-30-да. Мысалы, 25 жастағы ақтөбелік азамат елорда аумағында 50 шақты интернет-алаяқтықты жасауға қатысы бар болып шықты», - делінген департамент мәліметінде.

Аталған азамат 2 млн 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын әкелген.

«Ол ОЛХ сайтында түрлі тауарларды сату туралы жалған хабарландырулар салған және виртуальды шотқа алдын ала төлем қабылдаған. Одан бөлек, елордада пәтерлерді жалға береміз деп жалған қызмет көрсетулер үшін ақы алған 10 адам жауапқа тартылды. Олар 4 млн теңгеден астам шығын келтірді», - деп хабарлайды ведомстводан.

Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, интернет-алаяқтықтың 50% онлайн сатып алу және онлайн қызмет көрсетумен байланысты. Ал 25% банк қызметкерімін деп алаяқтыққа баратындармен байланысты. Сол сияқты 10% күмәнді акцияларға ақша салу, ұтыс тігу немесе брокерлік әмияндарға ақша салуға қатысты болып отыр.


Соңғы жаңалықтар