Ақтөбеліктер башқұрт футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбе" мен "Горняк" футбол командалары 28 ақпанда жолдастық кездесу өткізбек.

Ақтөбеліктер башқұрт футболшыларымен  жолдастық кездесу өткізеді

Башқұртстанның Учалы қаласының "Горняк" командасы қазір Ресей чемпионатының екінші дивизионында "Орал-Поволжье" аймағында  5-орында келе жатыр.

Владимир Муханов жаттықтыратын ақтөбеліктер  бұған дейін 23 ақпанда Белорус елінің "Гомель" командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Енді  3 наурызда  Запорожье қаласының "Металлург" командасымен күш сынаспақ. 2010/11 жылдары Бірінші лигада топ жарған запорожьеліктер 2011/12 жылғы жаңа маусымды Сергей Зайцевтің бапкерлігімен  Украина Премьер-лигасында өткізуде.

Жалпы "Ақтөбе" футбол клубының бұл оқу-жаттығу жиыны 20 ақпанда басталған болатын. Ол 4 наурызға дейін созылмақ.