Ақтөбеліктер футболдан Еуропа лигасындағы алғашқы ойынын өз алаңында Германияның «Вердер» клубымен өткізеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Владимир Мұқанов жаттықтыратын ақтөбелік  футболшылар  Еуропа лигасындағы алғашқы ойынын тамыздың 20-сы күні  өз алаңында Германияның  «Вердер» клубымен өткізеді,

Ақтөбеліктер  футболдан  Еуропа лигасындағы алғашқы ойынын  өз алаңында Германияның «Вердер»  клубымен өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Плей-офф кезеңінің жеребесі тамыздың 7-сі күні белгілі болған болатын. Бремен қаласының «Вердер» футбол клубы 1899 жылы ақпанның 4-інде құрылған. Олар осы уақытқа дейін Германия Бундеслигасының  4 дүркін чемпионы (1965, 1988, 1993, 2004), 7 дүркін күміс жүлдегері ( 1968, 1983, 1985, 1986, 1995, 2006, 2008), 4 дүркін    қола жүлдегер (1989, 1991, 2005, 2007) болды.  Сондай-ақ Германия кубогінің 6 дүркін  ( 1961, 1991, 1994, 1999, 2004, 2009),  Германия Суперкубогінің 5 дүркін  (1988, 1993, 1994, 2006, 2009) және Кубок иелері Кубогінің 1992 жылғы жеңімпазы.   Биыл   УЕФА Кубогінің финалында өнер көрсеткен бұл команданың бас бапкері  Томас Шааф. Команда құрамындағы 32 ойыншының 13-і Австрия, Боливия, Бразилия, Дания, Португалия, Сербия,  Финляндия,  Хорватия,   Швеция сияқты елдердің футболшылары.

«Ақтөбе» футбол клубы қазіргі таңда 2009/2010 жылғы Еуропа лигасында  өнер көрсететін қазақстандық жалғыз команда. Онда  бұған дейін Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен  Павлодардың «Ертісі» іріктеу кезеңінің бірінші айналымында, ал Қостанайдың «Тобылы» екінші  айналымында сүрінген болатын. Көкшетаулықтар  сырт алаңда молдовалық «Зимбруды» 2-1 есебімен жеңгенмен, өз алаңында  кишиневтік футболшылардан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Павлодарлықтар сырт алаңда венгриялық «Халадаштан» 1:0 есебімен ұтылып,    Қарағандыдағы қарымта кездесуде  2:1 есебімен басым түскенмен  сырт алаңда соғылған жалғыз доп венгр футболшыларына екінші кезеңге шығуға мүмкіндік әперген. Ал «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде Исландияның "Хафнарфьордюр" командасынан  сырт алаңда 0:4,  өз алаңында 2:0 есебімен басым түсті.  Олар Қазақстан тарихында  Чемпиондар лигасының 3-ші айналымына шыққан тұңғыш команда болды. Ақтөбеліктер Израилдің «Макаби» командасымен өз алаңында (0:0) тең түскенмен, сырт алаңда 3:4 есебімен есе жіберіп, жарысты Еуропа лигасында жалғастыруға мәжбүр болып отыр.