Ақтөбелік құтқарушылар бір үйір жылқыны аман алып қалды

АCТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

жылқы
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысы Темір ауданының құтқару қызметіне ер адам хабарласып, Ойыл өзенінде 17 жылқы өзен жайылмасы арасынан шыға алмай жатқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден сақтап, қауіпсіз жерге айдап шығарды.

Осыған дейін Таразда құтқарушылар өрт кезінде 30-ға жуық адамды эвакуациялағанын жаздық.