Ақтөбенің тергеу абақтысынан тұтқын қашып кетті
Жексенбі, мамырдың 30-ы күні сағат 16.00-да КА168/1 мекемесінде (Ақтөбе қаласындағы тергеу абақтысы) шаруашылық ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде қамаудағы бір азаматтың жоғалып кеткені анықталады. 1987 жылы туған әлгі азамат бұған дейін де тонау және алаяқтық қылмыстары үшін үш рет сотталған, делінген баспасөз баянында.
Оқиға орнына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен түзету мекемелеріндегі заңдылықтардың сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуратураның өкілдері және Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы келді. Аймақтың қылмыстық-атқару жүйесі гарнизонының жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Қазіргі таңда олар құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып, қашқынды іздестіру шараларын жүргізуде.