Актриса Әлия Телебарысова "Алматы аруы" атанды

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен сенбі күні Алматыда «Қазақстан аруы» - «Алматы аруы -2011» Ұлттық сұлулық байқауының аймақтық кезеңі өтті.
None
None

Бұған дейін хабаралағанымыздай байқауда 17-20 жас аралығындағы 20 ару бақ сынады. Олардың 15-і кастингтер арқылы анықталса, 5-еуі онлайн-дауыс беру арқылы белгілі болған. Көктөбедегі ашық аспан астында өткен байқауда арулар көйлек пен жағажай киімінің дефилесін көрсетіп, интеллектуалдық сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша 18 жастағы жас актриса Әлия Телебарысова «Алматы аруы» атанды. Әлия «Мың бала», «Бірінші қабаттағы балкон» фильмдері мен «Арман қала», «Ағайындылар» телесериалдарына түскен. «Қазақстан аруы» байқауында Алматының намысын қолдан бермеуге тырысамын», - дейді Алматы аруы. Еске сала кетейік «Алматы аруы» желтоқсан айында өтетін «Қазақстан аруы 2011» байқауында Алматының атынан қатысады.

«Бірінші вице-ару» атағы 19 жастағы Әйгерім Бекеноваға, «екінші вице- ару» Светлана Расщупкинаға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар