Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова бизнесмен Б.Балғымбаевпен отау құруда

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен демалыста Астанада қазақстандық кино жұлдызы Қарлығаш Мұхамеджанованы ұзату тойы болып өтті.

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова бизнесмен Б.Балғымбаевпен отау құруда

 Бұл туралы «Эспресс К» газеті (Авторы - Алан Исаев, «Свадебный переполох» мақаласы) жазады.

Оны шығарып салу құмыра түрінде салынған "Астана Мюзик Холл" ғимаратында өтті. Кешті КТК жұлдызы Тұрсынбек Қабатов жүргізді. Ал қонақтардың көңілін пианист Денист Мацуев, әншілер Батырхан Шүкенов пен Алексей Воробьев көтерді.

Қазақстандық жұртшылық үшін тікелей фоторепортажды әлеуметтік желіде суреттерін жариялаған әріптестері жүргізді. Қонақтар арасында актерлер Санжар Мәдиев, Әнуар Нұрпейісов, актриса Әсел Сағатова байқалды.

«Күйеу жігіттің есімі - Бекболат Балғымбаев. Ол бизнеспен айналысады. Жастардың кездесіп жүргеніне 2 жыл болған. Тұрмысқа шығу ұсынысын ол төрт ай бұрын жасаған», - деп баяндады «ЭК» газетінің тілшісіне қыздың әкесі Төлеген Мұхамеджанов.