19:40, 07 Мамыр 2017 | GMT +5
Акула ауламақ болған аустралиялық бір ажалдан аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралиялық азамат акуланы ауламақшы болғанда, жыртқыш балық оның аяғын тістеп, бір кесек етін жұлып алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Квинсленд штатының тұрғыны Джош Нейл акуланы лассоның көмегімен ауламақшы болады. Алайда, жыртқыш балық тордан құтылып шығып қана қоймай, батыл балықшының өзіне ауыз салады. «Бұл ойланбай жасалған әрекет болды», - деп түсіндірді аустралиялық.
Нейл ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.