Акула бірнеше адамға шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манхэттен-Бич қаласындағы (Калифорния штаты) жағажайда ақ акула шомылып жатқан бір топ адамға шабуыл жасады,олардың бірі зардап шекті.

 Акула бірнеше адамға шабуыл жасады

Лос-Анджелес полициясы департаментінің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақытпен 09:30-да орын алған. Зардап шеккен жанның жағдайы орташа. Акуланың шабуылы кезінде ол жағадан 20 метр қшықтықта болған.

Көргендердің сөзіне қарағанда, жыртқыштың ұзындығы үш метрден асады. Келеңсіз жағдайдан соң жергілікті билік осы маңға таяу жердегі жағажайлардың бірнешеуін уақытша жабуға шешім қабылдады.