Ақыл-парасаты жоғары адамдар сенгіш келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның сенгіштігі зердесінің деңгейіне тікелей байланысты. Бұл фактіні АҚШ-тағы Оксфорд университетінің мамандары зерттеу барасында анықтады.
None
None

Business Standard-тың жазуынша, ғалымдар әлеуметтік қатынастарға зерттеу жүргізіп, оның барысында адамдарға көбінесе сенбейтін және кез келген жағдайдан бір құйтырқылық іздейтіндерге қарағанда, сенгіш адамдардың ақыл-парасаттылығы едәуір жоғары екенін анықтады. Себебі, зердесі жоғары адамдар өмірді жақсы түсінеді және адамды тани біледі. Соның арқасында олар өмірге жақсы бейімделіп, көбінесе өздеріне сенімді адамдармен ғана қарым-қатынасты ұстайды. Ал сенімсіз адамнан бойын аулақ ұстауға тырысады. Ғалымдардың пайымынша, әлеуметтік сенім түрлі салалардағы табысқа да ықпал етеді, оның ішінде қаржылық тұрғыдағы жетістіктерге жетелейді. Оған қоса, аңқау адамдардың жүйкесі тыныш, денсаулығы жақсы болады, сондықтан өмірде өздерін бақытты сезінеді, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар