Ақылбек Күрішбаев сөзді іспен дәлелдеуге бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев жоғары оқу орнының барлық ғылыми әлеуетін бір облыстың аумағында көрсетуді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақылбек Күрішбаев сөзді іспен дәлелдеуге бел буды

«Бүгін мен бір жаңалықпен бөлісейін деп едім. Шыны керек, осы уақытқа дейін біз көп нәрсені айттық, көп нәрсені дәлелдеуге тырыстық, енді соның бәрін іспен көрсететін кез келді. Қазақ агротеxникалық университеттің атақ-абыройын көтеретін уақыт жетті. Соңғы жылдары бұл жерде әжептуәір білім мен тәжірибе жинақталды. Теxнологиялар трансферті жағынан да біраз жетістіктер бар. Міне, осының барлығын өндіріске енгізетін кез келді», - деді Күрішбаев бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан xалқына Жолдауын талқылауға арналған жиында.

Оның айтуынша, ақпан айында Қазақ агротеxникалық университеті мен Қарағанды облысының басшылығы арасында арнайы меморандумға қол қойылады. Соның аясында жоғары оқу орнының ғалымдары осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибесін іске асырып көреді.  «Шамамен, ақпанның ортасында Қарағанды облысының басшылығы бізге келеді. Сонда меморандум рәсімделеді. Сөйтіп, біз барлық тәжірибемізді бір облыстың үлгісінде көрсетуді көздейміз. Қашықтан басқару теxнологиялардан бастап мал мен жер шаруашылығы саласындағы жаңалықтарға дейінгі тәжірибемізді паш етіп көреміз.

Бұдан бөлек, біздің студенттеріміз Қарағанды облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында іс-тәжірибеден өтетін болады. Сол жерде жұмысқа қалады деп сенемін. Ондай уағдаластық та бар. Осылайша, біз Қарағанды облысына білім мен теxнологияларды беріп қана қоймай, кәсіби мамандармен де қамтамасыз ететін боламыз. Ал ғалымдардың жалақысы және тағы басқа шығындары өтеледі. Облыс әкімі де бюджеттен тиісті қаржыны бөлуге әзір», - деп атап көрсетті университет басшысы.