«Ақылды бесіктің» жаңа Smart-тербеткіші қолданысқа енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық жас өнертапқыш Серікбол Шаймардан бұған дейін нәресте жыласа өздігінен тербелетін «ақылды бесік» ойлап тауып, жұртқа танылғаны мәлім. Ол осы жетістігімен шектелуді жөн көрмей, алдыңғы нұсқасынан екі еседен астам арзан бағамен жаңа Smart-тербеткіштің қолданысқа енгізгенін өзінің facebook-тегі жеке парақшасында жариялады.

«Ақылды бесіктің» жаңа Smart-тербеткіші қолданысқа енді

«Алашым, енді құттықтай берсеңіздер болады! Көп күттірген смарт-тербеткіш те дайын!» делінген хабарламада.

Өнертапқыш жаңа тербеткіштің мынандай қасиеттерімен бөліседі:

- Нәресте жыласа, өздігінен тербетеді;

- Smart-тербеткіш соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жасалған. Нәресте бесігін (кереуетін) анасының көмегінсіз тербетіп, жайлы ұйықтауына мүмкіндік береді;

- Кез келген бесік (кереует) түрін тербетуге қолайлы;

- Еліміздің айтулы өнер жұлдыздарының бесік жырымен әлдилейді;

- Тербеліс уақытын өзіңіз реттей аласыз;

- Өте төмен кернеумен (6 вольт) және батарейкамен жұмыс істейді.

Бесік жырларын орындағандар:‎ Мейрамбек Беспаев, Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, ‎Қарақат Әбілдина, ‎Майра Мұхамедқызы, ‎ ‎Роза Әлқожа, Тамара Асар, Толқын Забировалар.