Ақылы автотұрақтан Астана бюджеті 2 млрд теңгеге толықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ақылы автотұрақ қызметінің арқасында жоба басталғалы қала бюджеті 2 млрд теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 млн теңге. Бұл туралы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақылы автотұрақтан Астана бюджеті 2 млрд теңгеге толықты

Айта кетейік, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға кері қайтарылмайды.

«Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ның 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асырылды. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% құрады. Мемлекет тарапынан инвестициялар тартылған жоқ», - делінген компания мәліметінде.

Елордада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Аталмыш тұрақтар: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін – ақылы, ал демалыс және мереке күндері – тегін.