Ақылы жолдың бір бағытында қанша жолақ болуы шарт
«Қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін 1-ден 3-ке дейінгі техникалық санаттағы (бір бағытта 1-ден 3-ке дейінгі жолақ) республикалық маңызы бар жол ғана ақылы бола алады. Қазір жол бойындағы сервис сапасын жақсарту, атап айтқанда жанар-жағармай стансасы, кемпингтер, TIR-паркингтер, жол бойындағы дәмханалар, қонақүйлер санын арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде», - дейді ұлттық компания өкілі.
Арман Жүнісов өз жауабында жол жүру ставкасына қандай қызмет кіретінін де нақтылады.
«Жол жүру ақысының ставкалары тек жол жүру құнын қамтиды. Басқа ақылы қызметтерді ұсыну инвестициялық келісімдердің шарттарымен (егер олар бар болса) және коммерциялық бәсекелестік негізде айқындалады», - делінген жауапта.
Еске салсақ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов еліміздің ақылы жолдарында кімдерге жеңілдік қарастырылғанын айтты.
Сондай-ақ, Ұлттық компания өкілі ақылы жолдардың бағасы әлі де болса әр шақырымға 1 теңге көлемінде қалатынын жеткізді.
Жоспар бойынша 2025 жылы республикалық жолдардың 44% ақылы болады.
Биылғы 22 сәуірде «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басшысы ауысқанын айта кетейік.