Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Аңсайды шындық - ақ айдын» атты шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, желтоқсанның 1-і күні, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның «Аңсайды шындық - ақ айдын» атты шығармашылық кеші өтеді,

Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Аңсайды шындық - ақ айдын» атты шығармашылық кеші өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ақұштап ақын 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында туған. Ақжайықтың «Ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева өрелі өлеңдерімен оқырмандарға жақсы танымал. Бірнеше жыр жинақтары жарық көрген. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде бастаған. Әр жылдары «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында және «Жазушы» баспасында еңбек еткен. Қазір Орал қаласында тұрады, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы болып қызмет етеді.

Ұлттық Академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін жыр кешінде Ақұштап ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалады. Батыс Қазақстан өңірі мен Алматыдан келген танымал әншілер және Елорда әртістері өнер көрсетеді деп күтілуде.

Кітапхана оқырмандары да ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.

Ақынның шығармашылық кеші сағат 18-00-де басталады.