Ақын Әмірхан Балқыбек өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың белгілі ақыны, әдебиет сыншысы, Жазушылар одағының мүшесі Әмірхан Балқыбек 45 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ақын Әмірхан Балқыбек өмірден озды

Ақын Ә. Балқыбек 1969 жылы 19 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген. 1986 жылы Шардара қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеген.

Әскерден оралған соң Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші болды. 1995-2000 жылдары «Парасат» журналында, «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттерінде тілші, 2000-2004 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Өлең топтамалары «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза» (1996), «Сынған сәуленің шағылысуы» (2001) жыр жинақтарының авторы.

1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері.

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді