Ақын Сайлаухан Жоланов кентаулық жастармен кездесті

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында ақын әрі көптеген мүшәйралардың жүлдегері Сайлаухан Жоланов жастармен кездесті. «Қазақстанды жырлаймын» атты кездесуге студент жастар мен оқырмандар қатысып, дала шайырының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен кездесуде Сайлаухан Жоланов өзінің қарапайым отбасыда дүниеге келгенін, мектеп жасынан бастап қалам мен қағазды жанына серік етіп келгенін айтып өтті. Бүгінде өлеңдері «Дала мектебі» деген атпен жыр жинақ болып басылып шыққан. Жергілікті ақын жазушыларды қолдап, олардың өнерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен кездесуде ақын өлеңдері оқылып, сұрақ-жауаппен жалғасты. Кештің басты кейіпкері алдағы уақытта елге тарту ретінде тағы бір кітапты жарық шығарып, кең көлемде шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.Айта кетейік, Жаңақорған ауданының тумасы көбіне дәстүр, патриоттық, рухани тақырыптарды ой қозғап, қалам тербегенді жаны сүйеді. Соңғы уақытта қоғамда орын алып жатқан жайларды өлең етіп жазып, қағаз бетіне түсірген. Жазған өлеңдері оқырман көңілінен орын алуда. Ол сондай–ақ, «Ақпанда адасқан қыз» поэмасының авторы. Ақындық өнер ананың сүтінен, әкенің қанынан дарыды,-дейді отбасында он перзенттің кенжесі. Бүгінде көптеген әндерге сөз жазып, жаңа қырынан танылып келеді. Шерхан Әлібеков пен бірге шығармашылық байланыс орнатып, бірлесіп елге 50-ден аса ән тарту еткен. Әндерін елге танымал өнер жұлдыздары орындап жүр. Мәселен, «Кие қонған бұл шаһар», «Көрікті Кентау» , «Асқақта асыл арманым»әндері мен терме жанырында «Әр қазақ менің жалғызым», «Уақыт өлшемі» әндері тыңдарман тарапынан оң бағаланып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар