Ақын Т.Молдағалиевтің 80 жылдығына орай әдеби кеш өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпан күні «Астана» ұлттық сурет галереясында Тұманбай Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған «Қазақ деген халықтың баласымын, ағы менен көзінің қарасымын» атты әдеби кеш өтеді, деп хабарлады аталған мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметінен.

Ақын Т.Молдағалиевтің 80 жылдығына орай әдеби кеш өтеді

Белгілі ақын, сыршыл лирик Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған әдеби кешке орай кітапханада ақынның 80 жылдығына арналған тақырыптық сөрелер жасалады.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған баяндамалар жасалып, өлеңдерінен үзінділер оқылады.