Ақырзаман жағдайында қажет болуы мүмкін заттардың жиынтығы сатылымға шықты

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Мексика ақырзаман болған жағдайда әжетке жарар заттардың жиынтығын сатылымға шығарды, деп хабарлады Утро.ру.

Ақырзаман жағдайында қажет болуы мүмкін заттардың жиынтығы сатылымға шықты

Өндіруші компанияның ақырзаман бола қалған жағдайда аса қажет болар тауарлар жиынтығына: сіріңке, құты, зомбилармен ұрыста керек болатын арнайы пышақ, шоколад, естеліктерді жазуға арналған қойын дәптер, 1 литр сумен қатар шағын бөтелкедегі әніс ликері енді.

Естеріңізге сала кетейік, майя үндістерінің күнтізбесіне сәйкес 21 желтоқсан күні ақырзаман орын алады.