Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақырзаманнан қауіптенген IT-миллионерлер бункерлер мен қарулар сатып алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кремний алқабының IT-миллионерлері ақырзаманға алдын ала қамдануда, олар қару-жарақ, оқ-дәрілер, мотоциклдер мен жерасты бункерлерін сатып алуда, деп жазды The Independent газеті.

Ақырзаманнан қауіптенген IT-миллионерлер бункерлер мен қарулар сатып алуда

Атап айтқанда, LinkedIn әлеуметтік желісін құрушылардың бірі Рид Хоффман Калифорния байларының тең жартысы ақырзаманға белсенді түрде дайындалып жатыр деп есептейді.

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Facebook-тың өнім бойынша бұрынғы менеджері  Антонио Гарсия Мартинес Тынық мұхитындағы аралдан жер алып, күн батареяларымен жабдықталған үй тұрғызған. Сондай-ақ қару-жарақ сатып алған.

Reddit-тің бұрыңғы бас директорының пікірінше, бункерлерді жабдықтауға кеткен шығын өз-өзін ақтайтын болады.

Басылымның жазуынша, алдыңғы қатарлы IT-мамандар жасанды ақылдан қатты қорқады. Болашақта «ақылды құралдар»  көптеген жұмыс орнына ие болып, адамзатқа қарсы бүлік шығаруы мүмкін, деп жазды The Independent.