Ақышев ел экономикасын долларсыздандырудың нәтижесін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңгелік активтерге халық тарабынан сенімнің нығая түскендігін атап өтті.
Ол бұл жайында бүгін ҚР Ұлттық банкі жанындағы ақша-несие саясаты жөніндегі техникалық комитеттің қорытынды отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық банкі басшысының мәліметінше, 2016 жылғы депозиттер 3,3 трлн. (66,4 пайыз) теңгеге артып, шетелдік валютада 1,1 трлн. (9,9 пайыз) теңгеге төмендеген.
Мұнан бөлек, Ақышев депозиттер құрылымында өзгерістер орын алғанын да атап өтті. Мәселен, депозиттерді долларсыздандыру 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 70 пайыздан 2016 жылдың желтоқсанында 54,6 пайызға дейін төмен түскен. Заңды тұлғалардың теңге түріндегі депозиттері іс жүзінде шетелдік валютамен теңескен. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесінде шетелдік валюта да 62 пайызға кеміген.
Данияр Ақышевтің атап өтуінше, Қазақстандағы долларсыздандыру нәтижесін теңдессіз деп атауға болады. Бұл ретте ол өзге елдердің долларсыздандыруға бірнеше жыл жұмсағандығын баса айтты.