Ақышев: Теңге мен рубльге мұнай бағасындағы өзгерістер әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бізге ықпал етуін доғарды деп өзімізді жұбатқанымызбен, алайда теңге мен рубльге мұнай бағасындағы өзгерістер әсер етеді.

 Ақышев: Теңге мен рубльге мұнай бағасындағы өзгерістер әсер етеді

Бұл туралы РБК телеарнасына берген сұхбатында  ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

«Қазақстан мен Ресей мұнай эскпортының жоғары үлесімен экспорттық негізделген елдер ретінде жалпы сыртқы саудадағы бұл бағыттағы ауытқуларға тәуелді болатын секілді. Әрине, мұнай бізге ықпал етуін доғарды деп өзімізді жұбатуға болады, алайда менің ойымша, ауытқу амплитудасы қазіргі кезде байқалуда және тренд те айқындалмады. Ол қандай да бір диапазонда қалқып тұрғандықтан, барлығы осы үрдіске көндігіп қалды. Егер де мұнайға баға бойынша кенеттен немесе айтарлықтай тұрақты қимыл басталса, онда қазақстандық теңге мен ресейлік рубль бұл өзгерістерге қарай әрекет етеді»,-деді  ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев

Сонымен қатар ол валюталық нарықта бағаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларға тоқталды. Бұл ретте Д. Ақышев мұнай бағасы, сауда-саттық бағытында серіктес елдердегі валюта бағамы ықпал етіп отырғанын сөз етті.