«Ақжар адамдары алаңдаулы»- баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 3 маусым, сәрсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Қаза тапқан сынақшы-жауынгерлер мемориалына гүл шоқтарын қойғаннан кейін Бақытжан Сағынтаев ресми салтанатқа қатысты, сондай-ақ, қала тұрғындарын, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметкерлері мен ардагерлерді мерейтойлық датамен құттықтады. Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи және ғылыми-техникалық мәнін сезіне отырып, Қазақстан мен Ресей оны сақтап қала білді және оны одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазақстан мен Ресей Федерациясы президенттерінің қолдауының арқасында ғарыш айлағы әлемдік космонавтика дамуының алғы сапында қалып, ғылыми-техникалық прогрестің символы, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде қызмет етуде, деп атап өтті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен келіссөздер өткізіп, оның барысында «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту мәселелері, қазақстандық ғарышкердің халықаралық ғарыш стансасына ұшуын жоспарлаудың мән-жайы, «Бәйтерек» және «Днепр» бағдарламаларының перспективалары талқыланды. Бұл материал «Байқоңыр 60 жылдығын атап өтті» деген тақырыппен оқырман назарына ұсынылып отыр.

Бас басылымдағы «Түйткілді мәселелер шешімін табады» атты мақалаға ауыл шаруашылығы мәселесі арқау болған. Елбасы ұсынған 100 нақты қадамның 61-інде ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту керектігі айтылған. Бұл жөнінде біздің елдің әлеуеті жоғары, мал шаруашылығын дамытуда еліміздің табиғи климаттық жағдайлары мол мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық саласы бойынша 15 нақты жоба көзделіп отыр. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында «Ақжар адамдары алаңдаулы» деген мақала берілген. «Ой-шұңқырлы жолмен алыстағы Ақжар ауылына жету де оңай емес. Ал республикалық маңызы бар Ақсу-Көктөбе-Ақжар жолының күрделі жөндеу жұмыстары жылдар бойы жүргізілуде. Полигон сынақтарын көрген ауыл бір кездегі жабық қала Курчатовтың дәл жанында. Ауданның басқа ауылдары да жарылыстан көз ашпаған, дүмпулердің сұрғылт суық ізі қалған жерлер»,-деп жазады мақала авторы. Осы Ақжар ауылының мәслесі жайында толық білгіңіз келсе, мақаланы қарап шығыңыз.

***

«Айқын» газетінің жазуынша, Орталық коммуникациялар қызметінде Парламент Мәжілісінің депутаттары баспасөз мәслихатын өткізді. Олар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және заман талабына сай кәсіби мемлекеттік аппарат құруға қатысты іс-шаралар жүзеге қалай асырылатынын баяндады. А.Соловьеваның сөзінше, мемлекеттік қызметке қабылдау 3 сатылы жүйеден құралады. Жаңа жүйе Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте талқыланғаннан кейін меритократиялық тәсіл арқылы орындалады.

- Әрбір мемлекеттік қызметкер ұсынылатын қызметіне сәйкес іріктеуден өтеді. Мемлекеттік қызметкер жергілікті билік органдарының бірінші деңгейінен өтеді. Іріктеу бұдан кейін де жалғасады. Бұл мемлекеттік қызметкерлер пулының белгілі бір «сүзгісі» іспеттес.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ақпараттық қызметтерді біріктіретін корпорация қарастырылып отыр. Қазір Парламентте осы тезистерді жүзеге асыру бойынша топ жұмыс істеп жатыр, - деді ол. Осы мәселені арқау еткен мақала басылымда «Күрестің күшейгені керек» деген тақырыппен жарияланды.

Осы газетте Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты «Арманыңның ақ құсы жетелесін...» атты мақала берілген. Кеше 2 маусым күні елімізде Ұлттық бірыңғай тест басталды. Сынақ 8 маусымға дейін жалғаспақ. ҰБТ-ға дайындық Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің тікелей бақылауында. Талаптардың сақталуы мен тест тапсырмаларын бағалау кезінде дау туындаған жағдайда, қатысушылар апелляцияға қатысуға құқығы бар. Тестілеу мерзімі кезінде ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында барлық ҰБТ өтетін бекеттерде апелляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия мен апелляциялық комиссия жасақталған. Облыс орталықтарында, Алматы мен Астана қалаларында ҰБТ барысында көкейдегі көп сауалға жауап алу үшін ҰБТ өткізу және үйлестіру штабтарына хабарласуларына болады. Сондай-ақ ҚР БҒМ жанында республикалық штаб жұмыс істейтінін ескергеніміз жөн.

***

«Экспресс-К» басылымының бүгінгі санында «И с того света достанем» деген мақала берілген. Шымкентте полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсауға талпынған жас қыздың өмірін аман алып қалды. Көпірден секіруге әрекет жасаған қыздың қандай себептермен мұндай қадамға барғандығы әзірге белгісіз.

«Көпірге жақындаған кезде көпір таянышының арғы жағына өткен қызды көзіміз шалды. Ол ұялы телефонмен сөйлесіп жатқан екен, біздің жақындағанымызды байқамай қалды. Білдіртпей келіп қызды қолынан ұстап үлгердік. Содан кейін оны жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына тапсырдық»,-дейді жол-патрульдік полиция сержанты Әрсен Ахметов.

Соңғы жаңалықтар