«Ақжайық» спорт клубы аукционда сатылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық» спорт клубын республикалық және облыстық допты хоккей федерациясы бірігіп, 11 млн теңгеге сатып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«Ақжайық» спорт клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, оның бастапқы бағасы 8 млн 424 мың теңге болды. «Қаламызда бай тарихы бар, 1976 жылы құрылған «Ақжайық» допты хоккей клубын сақтап қалу мақсатында қос федерация осындай шешімге келді. Басқа ешкім алмас үшін баға 11 млн теңгеге дейін көтерілді. «Ақжайық» спорт клубының базасында Исаев көшесі бойында орналасқан офисімен бірге дүкен, әжетхана, ателье және қойма болды. Осының ішінен дүкен ғана жұмыс жасап тұр. Кәсіпкерлер оның тұрған орнына қызықты. 9 млн, 9,5 млн теңге тіккендер болды, біз солардың бәрінің алдына түсіп кеттік. Егер кәсіпкер жеңіп алған жағдайда допты хоккейдің дамуына көңіл бөлер-бөлмесі неғайбыл еді.

«Ақжайық» спорт клубы допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында бұрынғыша ойнай беретін болады. Ендігі басты мақсат - суперлигаға шығару. Қазір командада пәлендей өзгеріс жоқ. Бұрынғыша Владимир Кожевников бастаған мамандар жаттықтыратын «Ақжайыққа» әзірге екі легионерді алуды жоспарлаудамыз. Оған қоса келесі жылдан бастап «Ақжайық» ойыншыларынан құралатын допты хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы да «Жастар» стадионында жаттығатын болады. Биылғы әлем біріншілігінде қазақстандықтар бесінші орынға түсіп қалды. Мұның себебі - олардың басы қосылмады, жаттығу жиындары болған жоқ, ойыншылар бірін-бірі түсінбеді. «Жастар» стадионында «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына салынып жатқан жасанды мұз айдыны алдағы қараша айының соңында пайдалануға берілгелі отыр. Бұл спортшылардың мұз айдынында көбірек дайындалуына мүмкіндік береді», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Азамат Шайхы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум