Ақжелкен мен Оймаша: Ақтауда екі шағынауданның атауы қазақшаланады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Ақтау қаласының Өмірзақ ауылына қарасты Приморский және Приозерный тұрғын үй массивтерінің атауы өзгереді. Бұл жаңалықты ауыл әкімі Бисенғали Кенжалиев тұрғындармен кездесуде жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Приморский атауын Ақжелкен, Приозерный атауын Оймаша деп өзгерту бойынша Маңғыстау облыстық ономастикалық комиссияның, қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiн және қалалық қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алдық. Ендігі кезекте әділет органдарында тіркеу жұмыстары жүргізіледі», - дейді Бисенғали Кенжалиев.

Айта кетейік, тұрғын үй массивтерінің атауын өзгерту жайлы бастаманы тұрғындардың өздері көтеріп отыр.


Соңғы жаңалықтар