«Әл-Азһар» профессоры зардап шеккен елшіліктерге қатысты пәтуа шығарды

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАҚпарат -  «Мұсылман бауырлар» қозғалысы жетекшілерінің бірі, «Әл-Азһар» университетінің діндер негізі факультетінің деканы, профессор Абдул Рахман әл-Бар «шетелдік елшіліктерге шабуыл жасау - харам» деген пәтуа шығарды.

«Әл-Азһар» профессоры зардап шеккен елшіліктерге қатысты пәтуа шығарды

Бұл жайында ҚМДБ сайтындағы мәліметтерде айтылған.

«Шариғат бойынша біз еліміздегі шетел елшіліктерін әр түрлі басқыншылықтардан қорғауымыз керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, өзге ғалымдар да Фейсбук беттерінде «елге келген әрбір шетелдік біздің қамқорлығымызда болады. Біздің міндет - олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оларға қарсы шабуыл жасау, бәрімізге шабуыл жасау деп білу керекпіз», - деген пікірлер айтып, Абдул Рахман әл-Бардың пәтуасын қолдап жатыр.

Абдул Рахман әл-Бар Ливияда қаза тапқан Америка елшісінің өлімін қылмыс деп бағалады. «Ал пастор Терри Джонс пен копт Морис Садекке келсек, олар ұлттар арасына от салушылар. Сондықтан да, оларға тосқауыл болуымыз қажет», - дейді ғалым.