12:23, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Әл-Барадей Мысыр президенті болуға әзір
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Мысыр оппозициясының негізгі қайраткерлерінің бірі Әл-Барадеи, президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынбайтындығы туралы ақпаратты теріске шығарды,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бұрынғы басшысы Әл-Барадеидің 2011 жылдың қыркүйек айына белгіленіп отырған президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы ақпарат таратқан болатын.
«Бұл - жалған ақпарат. Егер мысыр халқы елдегі реформаны менің жалғастырғанымды қаласа, мен олардың үмітін алдай алмаймын», деді Әл-Барадеи Катардың Al Jazeera телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Әл-Барадеи елдің қазіргі басшысы Хосни Мүбарактың саясатына қарсылық білдіріп, оны отставкаға кетуге шақырып отырған оппозиция қайраткерлерінің қатарында.