«Әл-Баракат Компани» ЖШС басшысы үлескерлерге 1 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірді - Астана қ. бойынша МКД
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әл-Баракат Компани» ЖШС басшысы Тойымбетов Б.Қ қылмыстық істері салдарынан үлескерлерге 1 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі «ӘлБаракат Компани» ЖШС басшысы Тойымбетов Бақытжан Құттыбекұлының ісіне қатысты тергеу жүргізгенде үй кешендерінің құрылысы кезінде жеке тұлғалардың ақшасы жымқырылғаны анықталды.
Қылмыстық істі тергеу кезінде Тойымбетов Б.Қ «Әл-Баракат Компани» ЖШС, «Селигер-К» ЖШС, «Көсше-Қопа» ЖШС, «Шаңырақ Строй KZ» ЖШС, «АсСем» ЖШС, және «Kaz AVTO development» ЖШС құру арқылы және Астана аумағындағы «Шарджа», «Прага», «Теңіз», «Токио», «АқЖар», «Тұран Астана» тұрғын үй кешендерінің құрылысына және Ақмола облысы Целиноград ауданы аумағындағы «Құрылтай», «Жайлау», «Apple town» тұрғын үй кешендерінің құрылысына инвестиция құю үшін жеке тұлғалардың қаражатын алып, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, аса ірі көлемде қаражатты қалтасына басқанын анықтады.
Тойымбетов Б.Қ қылмыстық істері салдарынан жеке тұлғаларға 1 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
2015 жылдың 8 қазанында Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты Тойымбетов Б.Қ қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.
Сонымен қатар оның шамамен 800 млн.теңгенің мүлкі тәркіленді.
2016ж. наурыздың соңында Тойымбетов Б.Қ қатысты айыптау акті құрылып, іс Астана қ. прокуратурасына жолданды. Қазір Астана қ. прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі Сарыарқа аудандық сотына жолдады.