Альберт Рау «АрселорМиттал Теміртауды» сынға алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «бүгінгі күнмен ғана» өмір сүруде, деп санайды ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.
«Арселорға» елеулі сұрақ бар. Шағын металлургия дамып келеді, ал енді мына алпауытпен не істеуге болады? «Арселор» Үкіметті және біздің бәрімізді үнемі бопсалай бере алмайды. Кезеңі келгенде, ешқандай да мемлекеттік қолдау оған көмектесе алмайды. Сондықтан «Арселордың» жаңа басшылығы (1 мамырдан «АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры болып Парамжит Калон тағайындалды) елеулі қатерлерге жауап беретін болады», деді ол IV «Karaganda Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде.
Вице-министр баяндамасында түсті және қара металлургиядағы әлемдік трендтерге тоқталды. Сарапшылардың есептеулері бойынша, 2030 жылға қарай болатты тұтыну 30 пайызға, мыс - 70 пайызға, алюминий 50 пайызға, мырыш 70 пайызға өседі деп болжамдалуда.
«Жасыл экономика» талаптарына байланысты үдерістерді қарап өту қажет. Еңбек өнімділігі мен электр қажетсіну жағынан біз бәсекеге қабілеттіміз. Энергия тұтыну жөнінен біз меже белгілеп, қара металлургияның жағдайы нешік болатынын атауымыз керек» - деп атап көрсетті А.Рау.