Альберто Контадор «Тур де Франс» жеңімпазы атанды

АСТАНА.  Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - «Астана» командасының капитаны Альберто   Контадор     Парижде  Елисей  алаңындағы мәре сызығын бірінші  болып  кесіп,

Альберто  Контадор    «Тур де Франс» жеңімпазы атанды

«Тур де  Франс»  көпкүндік  веложарысының    жеңімпазы атанды,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат  ВВС  телекомпаниясының  Орыс қызметіне    сілтеме  жасап.

Бұл 26 жастағы     спортшының екінші  жеңісі: Контадор 2007  жылы    Discovery Channel   командасының атынан    өнер көрсетіп,  «Тур де Франс» жеңімпазы атанған болатын.

Контадор     жарысты  85  сағат  48 минут 35 секундпен аяқтап,     люксембургтық   Энди Шлектен   4 минут  11 секундқа,  ал өзінің командалас  серігі,   «Тур де Франстың»  жеті  дүркін жеңімпазы Лэнс Армстронгтан 5 минут 24 секундқа   озды.