Альберто Контадор «Тур де Франстан» шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің «Tinkoff-Saxo» велокомандасының капитаны Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Альберто Контадор «Тур де Франстан» шығып қалды

Контадор мәреге 95 шақырым қалған кезде құлап, оған медициналық көмек көрсетілді. Спортшы жәрдемді күтіп, уақытын жоғалтып алғандықтан ойыннан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады «Р-Спорт».

Тізесін таңып бергеннен кейін велошабандоз қатарға қайта қосылғанымен көп ұзамай жарыстан бас тартты.

Ол көш бастап бара жатқан алдыңғы топтан 4 минутқа қалып қойған болатын.