Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасы курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті

АЛМАТЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылардың бойында ең алдымен табандылық пен берік жігер болуы керек.
None
None

 Бүгін  Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы курсанттарының әскери ант қабылдау шарасы кезінде осылай  айтылды. Әскери кафедра бастығы, полковник Олег Степаненконың сөзіне қарағанда, бұл курсанттар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының  70-ші түлектері. Оларға сәт-сапар айтқан  ҚР Генералдар кеңесінің төрағасы,  генерал-майор Рүстем Қайдаров:  «Білім нәрімен сусындаған университеттеріңді қайда болсаңдар да ұмытпаңдар. Барынша әділ, адал болыңдар. Генералдар атынан сендерге де генерал болуды тілеймін»,- деген жүрекжарды тілегін жеткізді. Салтанатты шара кезінде қонақтар аэроұтқыр әскери жауынгер-десанттарының ұрыс дайындықтарының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының саптық дайындықтарынан қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ  ҚазҰУ курсанттар вальсін,  Алматы гарнизоны бірлескен әскери оркестрлері плац-концерттерін  тамашалады.

Соңғы жаңалықтар