Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбіш Кекілбаевтың мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты кешке еліміздің зиялы қауымы, жазушы-қаламгерлер, ЖОО-ның басшылары мен ұстаздары, сондай-ақ студенттер қауымы қатысты.

Мерекелік кеште ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Бүгінгі той барша қазақтың, зиялы қауымның тойы. 1921 жылы Орынбор қаласында өткен Ахмет Байтұрсыновтың тойы іспеттес мерейтой», деп атап өтіп, «Заманымыздың заңғар суреткері Әбіш Кекілбаев - иісі қазақтың асылы да, мақтанышы, өнегесі де тау тұлғасы. Әбіш ағаның ақылды парасатты сөзі, іс-қимылы бәрімізге өнеге бола берсін. Әбіш Кекілбаевқа берілген атақ - тек қана  Әбіш ағаның ғана емес,  әдеби майданда қызмет жасап жүрген, еңбек етіп жүрген қауымға берілген баға деп айтуға болады», деді Ж. Түймебаев.

         Кеш барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен той иесі Әбіш Кекілбаевқа «Құрметті профессор» атағы берілді. Білім ордасының ректоры Бақытжан Жұмағұлов профессор дипломы мен мантиясын өз қолымен табыстады.

         Еліміздің бас оқу орнында өткен кеш мерейтойлық концерттік бағдарламамен аяқталды.

  

Соңғы жаңалықтар