Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Интернет орталығы ашылды
trong>Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тамақтандыру комбинатында жастарға арналған Интернет - орталық ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов 300 орынға арналған Интернет-кафенің кілтін белсенді студенттер қауымына табыстады.
Орталықтағы 300 компьютердің 100-ін ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі сыйға тартты. Университетте интернет орталығын ашу туралы ұсынысты ҚазҰУ-нің белсенді студенттер қауымы оқу орны басшылығына өткен жылы ректор мен студенттер арасында өткен кездесуде ұсынған болатын.
Салтанатты шарадан кейін IT-технологиясы саласына арналған ҚазҰУ мен Microsoft компаниясының арасында екіжақты әріптестік байланысқа бағытталған меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ҚазҰУ-дың академиктері мен студенттеріне арналған IT ашылып, Microsoft орталығында университеттің бірнеше белсенді студенттері тегін оқитын болады.
Шара барысында ҚазҰУ-дың өзіндік сандық телеарнасы болып есептелетін ID TV - «Киптер» жобасы таныстырылды. Бұл игі бастама арқылы студенттер алдағы уақытта өз еріктерімен жеке авторлық телебағдарламаларын дайындап, ол бағдарламаны тек ҚазҰУ қалашығына ғана емес, сонымен бірге қаладағы өзге де университеттерге тарату мүмкіндігіне ие болмақ.