Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да есірткіге қарсы жастар акциясы өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да жастардың «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты есірткіге қарсы шарасы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шара «Алматы - темекі түтінінен азат қала» атты қалалық бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Оған қаладағы қызығушылық білдірген жастар ұйымдары қатысты. Шараның мақсаты жастарды жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Мерекелік іс-шараның жоспары екі кезеңді қамтыды. Біріншісінде қыздар және ерлер студенттік командаларының арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында «Дені сау болу - бұл мықты!» атты сурет плакаттарының байқауы болды. Ал екінші кезеңде «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты жастар шеруі болды.

Соңғы жаңалықтар