Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік топ-университеттер тізіміне енді

None
None
АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның QS Халықаралық рейтингтік агенттігі  2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттердің тізімін жариялады.

Олардың арасына бұрынғы кеңестік республикалардан 2 жоғары оқу орны ғана еніп отыр. Бұлар - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр бұл рейтингте Қазақстандағы жетекші ұлттық университет 700 жоғары оқу орны арасында 402-орын алған  еді. Ал алдыңғы жылы 602-сатыда тұрған болатын. Көш басындағылармен арадағы арақашықтықты  2 жылдан бері тұрақты түрде айтарлықтай қысқартып келе жатқан ҚазҰУ ел Президентінің әлемдік топ-университеттер рейтингісіне ену тапсырмасын лайықты орындауда.

Соңғы жаңалықтар