Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да археология мен этнологияның ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде археология мен этнологияның ғылыми-зерттеу орталығы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зерттеу орталығы тас, қола, темір, ортағасырлар археологиясы мен Қазақ этнологиясы сынды 5 бөлімнен тұрады. Бұнда У. Шалекенов, А. Төлеубаев, М. Елеуов, Ж. Таймағамбетов, Б. Қалшабаева, А. Тоқтабай сынды танымал ғалымдар жұмыс істейтін болады. Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Карл Байпақовтың айтуынша, археология мен этнология саласы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қоғамдық-гуманитарлық салада маңызды орынға шықты.Сонымен қатар Қазақстанның көпұлтты мәдениеті терең этникалық зерттеулерді талап етеді. Университет ректоры Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, бұл орталықтың ашылуы еліміздегі мәдени-ғылыми өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі саналады. Ол сондай-ақ университетте этнология мен археология саласының ірі ғалымдары жиналғанын, орталықты ашуға осының да ықпал еткенін атап өтті. Бүгінгі оңды оқиғаға орай арнайы көрме де ашылып отыр.
Соңғы жаңалықтар