Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық мұражай күні атап өтілді

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Халықаралық мұражай күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мұражайында мерекелік іс-шара өтті,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық мұражай күні атап өтілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық мұражай күні 1977 жылы - Халықаралық мұражай кеңесінің (ICOM) кезекті отырысында атаулы күн ретінде қабылданған еді. Бүгінгі таңда бұл күнді әлемнің 150-ден астам елі ресми мереке ретінде атап өтеді. ҚазҰУ-да өткен бүгінгі шараны мұражай қызметкерлері мен тарих факультетінің мұражайтанушы студенттері ұйымдастырды», дейді әл-Фараби атындағы ұлттық университеті мұражайының директоры Тамара Тәжібаева. Онда студенттер «Әлемнің айрықша мұражайлары», «Менің қиялымдағы мұражай» тақырыптарында көріністер дайындап, өлең мен құттықтаулар оқыды. Викториналық сұрақтар қойып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде концерттік бағдарламаларын ұсынды. Оған қатысушылар сонымен қатар, мұражайдың бай экспозициясымен танысып, ғылыми мектептер мен әйгілі ғалымдар мұраларымен және оқу орнының белгілі түлектерінің жұмыстарымен танысты.