Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қызметі мен жетістіктерін көрсететін көрме ашылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметі мен жетістіктері жайындағы көрменің ашылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ күндері аясында ұйымдастырылған көрмені екі университеттің ректорлары Бақытжан Жұмағұлов пен Бақытжан Әбдірайымов салтанатты түрде ашты. Бұнда еліміздің ұлттық оқу орындарындағы факультеттердің әрқайсысына жеке бұрыш бөлініп, олардың қол жеткізген жетістіктері баяндалған. Көрменің тұсаукесерінде сөз алған ҚазҰУ ректоры Б. Жұмағұлов бұл шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ күндерінің бастамасы екендігін айтып өтті. «Бұған дейін Еуразия университетінде ҚазҰУ күндері өткен болатын. Сол бастаманың жалғасы ретінде бүгін бізде Гумилев атындағы ұлттық университет күндері басталып жатыр. Бұндай ынтымақтастықтың біз үшін маңызы зор. Екі ұлттық университет те бір-бірімен тығыз байланысты. Елбасы Жарлығымен 1996 жылы Астанада Еуразия университеті ашылған кезде көптеген ұстаздар мен профессорлар осы ҚазҰУ-нен жіберілген еді», деді Б. Жұмағұлов. Салтанатты ашылу рәсімінде Бақытжан Жұмағұлов Қазақ ұлттық университетінің түлектері, қазіргі күні Еуразия ұлттық университетінде еңбек етіп жүрген сегіз ғалымға ҚазҰУ-дің күміс медалін табыс ететіндігін мәлім етті. Сонымен қатар ол ЕҰУ-ін тәмамдаған үздік түлектер үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистратурасында бес оқу гранты тағайындалғанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар