Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистер мен БАҚ арасында байқау жариялады

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің 75 жылдық мерейтойына орай отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистердің арасында ҚазҰУ-дің қызметін насихаттауға ашық шығармашылық байқау жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқаудың мақсаты ? еліміздің жетекші университетінің білім беру, ғылыми және мәдени қызметін насихаттауда журналистер мен БАҚ-тардың қатысуын ынталандыру. ҚазҰУ-ді қазақстандық білім берудің көшбасшысы, жоғары оқу орнының ғылыми орталығы, бірегей университет кешені ретінде қоғамдық пікір және әлемдік қауымдастықта отандық білім берудің оң имиджін қалыптастыру. Конкурсқа университеттің тарихи және мәдени мұрасын, ғылыми жетістіктерін, сонымен қатар университеттің қазіргі қызметі мен даму перспективалары көрсетілген мерзімді баспасөз, он-лайн басылымдары және телерадио эфирге шығарған материалдары бар шетелдік, республикалық, қалалық, аймақтық БАҚ және журналистер қатыса алады. Байқауға 2009 жылғы қаңтардың 15-інен қазанның 1-іне дейін жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады. Ұсынылған авторлық материалдар «ҚазҰУ жайлы үздік журналистік жұмыс» аталымында қарастырылады. «Тақырыпқа беріктігі үшін» аталымында байқау тақырыбына және университеттің мерейтойына арналған ең көп материал жариялаған немесе эфирге шығарған үздік редакция марапатталады.Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2009 жылдың қазан айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты шаралар барысында өтеді.
Соңғы жаңалықтар