20:40, 04 Қазан 2015 | GMT +5
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-да жыл сайынғы физика пәні бойынша республикалық олимпиада өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінде 30 қазан күні ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбеков атындағы жыл сайынғы физика пәні бойынша республикалық олимпиада және шахматтан турнир өтеді, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Олимпиадаға ЖОО-ның студенттері мен 11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 28 қазанына дейін жүргізіледі.